30 қыркүйек күні 7 - 8 - 9 сыныптар арасында Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына - 180 жылдығына арналған «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» тақырыбындағы сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: жазушы, этнограф, Ы. Алтынсариннің өмірін, еңбектерін, шығармашылығын қаншалықты игергендерін сынау, тәрбиеленушілерді ұлы тұлғалар есімін қастерлеуге тәрбиелеу. Сыныптар 1 - 2 - 3 топ болып отырғызылды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
I кезең: «Ой анықтау» Бұл кезеңнің шарты бойынша 3 топқа ,бірдей 14 сұрақтанберіледі. Сұрақтар Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы бойынша болады. Жауаптары тексеріліп бал шығарылды.
II кезең: «Ой жалғау» «Адасқан сөзерді орнына қою». Адасқан сөздерді оқушылар орнына қойды.
III кезең: «Ой іздену» деп аталды. Бұнда Ы. Алтынсариннің шығармаларының кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қойылып сұрақтар үш топқа ортақ берілді. Қай топ шапшаң болса, сол топтың ғана жауабы есепке алынды.
IV кезең «Ой толғау» деп аталды. Бұнда үш топқа постер сызу ұсынылды. Ол постерге үш түрлі тақырып беріледі топтар тақырыптарын қорғады. Сонымен қатар топ басшысы өздерінің осы тақырыптағы көзқарасын қорғап шығуға тиіс болды. Бұнда шешендік өнер сынға түсті. Постер қорғауда ерекше постер қорғаған 9 сынып оқушылары болды. Қазылар алқасы таныстырылып. Топтардың берген дұрыс жауаптары баллмен есептелінді. Қазылар алқасының қорытынды бағасымен 3 - топ 8сынып оқушылары 1 орынды, 1 - топ 9 - сынып оқушылары 2 орынды, 2 - топ 7сынып оқушылары 3 орынды иеленді. Сайыс соңында оқушылар марапатталды.
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/zh-n-lykt-r-bakanas-internat/10201-o-usyz-bilim-zho-bilimsiz-k-ni-zho.html#sigFreeId0bb6e63962