«Білім - асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт - еңбек», - деп ойшылдар айтқандай, білімнің іргетасы мектептен қаланады одан соң ары қарай шындалып, сомдала түседі. Балқаш ауданында жалғыз мектеп - интернаты бар. Мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге бойлатқан білім ошағының тарихы да тым тереңде жатыр. 1968 жыл белгілі қоғам қайраткері, елімізді елу жылдай басқарған, тірісінде - ақ қазақтың пайғамбары атанған, халқының қалауы біртуар азаматы Д.А.Қонаев атамыз кезінде малшылардың балаларына арнай салдырған мектеп - интернаты халық қажетіне жарап тұрған, көп балалы, аз қамтылған, жетім, толық емес отбасы балаларына білім мен тәрбие беріп, алтын ұясынан балапандарының қанатын қатайтып, болашаққа ұшырып отырған бірден - бір білім ордасы. Тоқырау жылдарына 1995 жылдары жабылып қалған нысандардың қатарында осы мектеп - интернаты да бар еді. Ұстаздар жұмыссыз, оқушылар екі мектепке бөліп топтастырылып, ата - аналар қиыншылыққа тап болып, елдің көңіліне кірбің ұялаған еді. Содан біраз жылдар өткен соң, мектеп 2008 жылы қазіргі заманға сай күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі кезде ұстаздарымыз оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Мектеп - интернатында 4 ғимарат бар. Олар: оқу корпусы, асхана, жатақхана, монша. Мектептің жобалық қуаттылығы 150 балаға арналған. 2008 - 2015 жылы мектеп директоры болып Бектұрсынова Рая Көшкінбайқызы басқарса, 2015 - 2019 жылдары мектеп директоры Ахмадиева Куляш, 2019 - 2021 жылы мектеп директоры болып Акмолдаева Динара Нуржахановна басқарды. 2017 - 2018 оқу жылында мектебіміздің Алтын белгі иегері Аязбек Ақжолды және 2020 - 2021 оқу жылында үздік аттестат иегері Жанғазы Балнұрды мақтанышпен айтуымызға болады. Осындай білімді, білікті оқушыларымыз мұғалімдеріміздің тынымсыз еңбегінің жемісі деп айтсақта болады.
27 Шілде 2024
Страницы ГКУ "Школа-интернат Баканас" ГУ "Отдел образования по Балхашскому району управления образования Алматинской области"
Мектеп тарихы
Жаңалыктар
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар