Қыркүйек айының 27 - ші жұлдызында 3 - 4 сынып оқушылар аралығында «Ұлылық - ұстаздан» атты сыныптан тыс іс - шара бастауыш сынып мұғалімі С.Серикбаева өткізді. Іс - шараның мақсаты: Қазақтың көрнекті ақын - жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету;
Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, топпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту;
Өлең, әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тірбиелеу болып табылды.
Іс - шараның бірінші бөлімі Ы.Алтынсаринның өмірбаянына шолу жұмысын жүргізумен басталды.Оқушылар өз білімдерін ортаға сала отырып,мұғалімнің толықтыруымен білімдерін шыңдай түсті.
Екінші бөлімде оқушылар өлең шумақтары бойынша топқа бөлу. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өзен», «Ананың сүюі» өлеңдерінің шумақтарын құрастыру арқылы үш топқа бөлінді.
«Сандар сөйлейді», Семантикалық кесте, «Кім жүйрік», «Жалғасын тауып көр», «Суреттер сыры» тапсырмалары арқылы жүргізіліп оқушылар қызыға тапсырмаларды топпен орындады.
Сыныптан тыс шараны ақын Ақылбек Шаяхметтің жазған өлең шумақтарымен оқушылар өленді жаттқа айта отырып аяқтады.
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/zh-n-lykt-r-bakanas-internat/10194-lyly-stazdan.html#sigFreeIdaa097ad1a1