Қыркүйек айының 27 күні Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткерінің 180 жылдығына орай 10 - 11 сынып оқушылары эссе жұмыстарын жазды.
Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. Эссе жазуға машықтандыру. өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан - жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану.
Эссе жазу сайысына 14 оқушы қатысты, ең жақсы деген эссе жұмыстары іріктеліп алынды. Олар 10 сынып оқушылары - Жанғазы Жанайым, Бекмұратова Мадина, Нұрслан Ақерке, Арайқызы Камила, Жекебатыр Ақмарал және 11 сынып оқушысы Серікбай Аружан. Осы оқушылардың жұмыстарында шығармашылық қабілет, ой жүйелілігі, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай білген, эссе түріне қарай жазу стилін сақтаған, ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолданған, шығармашылық жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыта отырып, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолданған.