08 Мамыр 2026
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»

Мектебімізде «Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбиелік мәні зор салтанатты линейка өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Линейка барысында «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы түсіндіріліп, туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың парызы екені атап өтілді. Оқушыларға қоршаған ортаны ластамау, қоқысты сұрыптау, ағаш отырғызу, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану жөнінде ақпарат берілді. Табиғатты қорғау бағытындағы игі істер мен экологиялық акцияларға белсенді қатысудың маңыздылығы айтылды.

Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, ұрандар айтып, табиғатты қорғауға шақыратын үндеулер жасады. Мектеп ұжымы алдағы уақытта сенбіліктер ұйымдастырып, аумақты көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде ұсыныстар білдірді.

Қорытындылай келе, аталған линейка оқушылардың экологиялық санасын арттыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар