Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Бақанас мектеп интернатында «Менің елім» атты салтанатты қабылдауда мектеп белсенділері, өнерлі өнерпаздар, олимпиада жеңімпаздары, оқу үздіктері, спорт жеңімпаздары «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» ұйымына қабылданады. «Жас Ұлан», «Жас қыран» қатарына қабылдаудың негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық, танымдық және шығармашылық белсенділігін көтеру болып табылады.
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/zh-lykt-r-zh-lykt-r-sh-l-intern-t-b-n-s/11896-zhas-lan-zhas-yranga-abyldau.html#sigFreeId2d49048afc
«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымының мүшесі ретінде оқушы өз Отанына адал болуға, елін, жерін сүюге, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға, білім мен еңбекті басты құндылық деп білуге ант берді.
Салтанатты жиында оқушылар ұйым жарғысымен таныстырылып, «Жас ұлан» қатарына қабылданды. Балалар салтанатты түрде ант беріп, көк байрақ түстес галстук тағып, ұйымның толыққанды мүшесі атанды.
Мектеп ұстаздары мен ата-аналар, ауылдың ақсақалдар алқасы, ауыл әкімі ұйым мүшелеріне сәттілік тілеп, ел болашағы – білімді де тәртіпті жастар екені атап өтілді.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, оқушыларға үлкен рух пен мақтаныш сыйлады
Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, жас ұландарға адалдық, еңбекқорлық және тәртіпті болу туралы тілектерін білдірді. Қабылдау сәті патриоттық әндер, өлеңдермен жалғасты. Іс-шара балалардың бойында мақтаныш сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды қадам болды. «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласуға дайын екендерін көрсетті.

