08 Мамыр 2026
Жаңалықтар

Ерте жүктілік, түсіндірме жұмыстары

Қыздармен «Ерте жүктіліктің алдын алу » бойынша жүргізілген жұмыстың

Тақырыбы: «Ерте жүктіліктің алдын алу » 9-11 сынып

Мақсаты:  мақсаты мен міндеті:

— Ерте жүктіліктің алдын алу.

— Кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын қорғау.

— Білім алушылардың бойында өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру.

Қатысқан сыныптар: 9- 11 сынып қыздары

Өту орны: тәрбие кабинеті

Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8-11 сыныптың қыз балаларымен «Қыз баланың бой жетуі» атты қыздар жиналысы өтті.

Алғы сөзді алған мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өрісбек А қыз балалардың жүріс-тұрысы, мектеп формасының сақталуы, жеке-бас гигиенасы туралы сөз қозғады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа көбіне әйелдер, қыз балалар көптеп ұшырап жататынын айтқан мектеп медбикесі М.Серік  қыз балаларға көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау қажеттігін айтып тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, мектеп психологіне және полицияға хабарлау қажеттігін түсіндірдіЖиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар