08 Мамыр 2026
Жаңалықтар

Дублер күні

3 қазан – Халықаралық ұстаздар мерекесіне орай оқушылар «Өзін-өзі басқару»мақсатында бір күндік күнделікті сабақ жоспарын жазып, ұстаздардың орнына өздерін қойып көрді.Ұстаздардың қызметінің қаншалықты ауыр екеніне көздерін жеткізіп,мың да бір алғыстарын білдірді.Кешке құрметті демалысында отырған қарт ұстаздарымыз арнайы шақырылды.

«Ұстаздар» күнінің II-жартысында ұстаздарға арналған апталық басталды.Алғашқы күні оқушылар ұстаздар қауымына жылы лебіздерін білдіріп әндетіп күтіп аллды. Өздеріне жазылған ашық хаттарын табыстады. 9сынып оқушылары мерекелік іс-шара ұйымдастырып ән айтып,тақпақтарын айтып берді. 9сынып қыздары Серікқызы Сабина, Дәуіт Арайлым орындауында «Ұстазым»әнін көпшілікке тарту етті. «16 қыз» әніне оқушылардың орындауында тамаша биленді.Кеш барысында оқушылар арасында сергіту сәті ұйымдастырылды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар