08 Мамыр 2026
Жаңалықтар

15 Наурыз Қайырымдылық күні

Бақанас мектеп-интернатында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл игі шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен демеуші, меценат ағаларымыз зор үлес қосты.
Ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған жанашыр жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Олардың қолдауының арқасында мереке кең көлемде өтіп, тәрбиелік мәні зор, мазмұнды іс-шараға айналды.
Осындай игі істеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Пайдалы ақпараттық ресурстар