1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай мектепте салтанатты концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ризашылық пен құрмет көрсетуге тәрбиелеу, өзара сыйластық пен достықты нығайту, татулық пен бірлікті дәріптеу.
Мерекелік концерт барысында оқушылар ұстаздарға, ата-аналарға және бір-біріне алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сахнада әндер шырқалып, би биленіп, тақырыпқа сай көріністер қойылды. Сонымен қатар еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің маңызы атап өтіліп, көпұлтты халқымыздың бірлігі үлгі етілді.
Іс-шара барысында алғыс айту – адамгершіліктің асыл қасиеті екені айтылып, ризашылық білдіру арқылы адамдар арасындағы сыйластық пен түсіністіктің арта түсетіні түсіндірілді.Қорытындысында мерекелік концерт оқушылардың бойында мейірімділік, құрмет және алғыс айту мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/zh-lykt-r-zh-lykt-r-sh-l-intern-t-b-n-s/11883-1-nauryz-al-ys-ajtu-k-ni.html#sigFreeId08bdb4f4ef

