08 Мамыр 2026
Жаңалықтар

«Мектебім-мейірім мекенім»

1-қыркүйек «Мектебім-мейірім мекенім» тақырыбында мектебінің ұстаздар қауымы, ата-аналар, оқушылар айрықша қуанышты көңіл күймен атап өтті. Аудандық полиция бөлімінің  өкілі арнайы келіп, жиналғандарды білім күні, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,оқушыларымызды өзінің тәттілерімен қуантты. Мектебіміздің директоры сөз алып, оқушыларды,ұстаздарды білім күнімен құттықтады. Жиын соңында 11 сыныптың үздік оқушылары 1 сыныпқа қабылданған жас бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырауды сыңғырлата соғып, оқушыларға мектеп есігін ашты. Барлық сынып сағына күткен парталарына отырды. Мемлекеттік туымызды АӘД мұғалімі салтанатты түрде кіргізіп, шығарды. Барлық сыныптарда «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты алғашқы ашық тәрбие сағаты өткізілді.Алғашқы қоңырау1 сынып оқушылары 1-қыркүйек «Мектебім-мейірім мекенім»

Әнұранның орындалу сәті.Табалдырығын аттады.Алғашқы қоңыраудың соғылу сәті.Мерекемен құттықтауы.

Пайдалы ақпараттық ресурстар