«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған. Бұл шарада оқушыларға Тәуелсіздіктің маңызы, оның халқымыз үшін тарихи мәні, мемлекетіміздің жетістіктері жайлы түсінік берілді.
Басты мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батырларымызды құрметтеуге, Қазақстанның даму жолын білуге тәрбиелеу.
Мақсаты:
Оқушыларға Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын түсіндіру.
Отанға, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеу.
Оқушыларды еліміздің тарихына құрметпен қарауға үйрету.
Құндылықтары:
Бірлік және ынтымақ тақырыбындағы құндылықты оқушылардың бойына дарытып, түсіндіріп, өмірмен байланыстыру:
Патриотизм.
Ұлттық бірлік.
Тарихқа құрмет.
Азаматтық жауапкершілік.
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/zh-lykt-r-zh-lykt-r-sh-l-intern-t-b-n-s/11881-t-uelsizdik-te-desi-zho-bajly-ym.html#sigFreeId0c8841b80c

