Бақанас мектеп-интернатында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ерлік пен батырлықтың мәнін түсіндіру, Отан қорғаған қаһармандардың өнегелі өмірін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Мерекелік кеш барысында ел қорғаған батырлар мен ардагерлердің ерлігі туралы тағылымды мәліметтер айтылып, тарихи оқиғаларға шолу жасалды. Оқушылар патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқып, көріністер қойды. Сонымен қатар батырлардың ерлігі мен қайсарлығы үлгі етіліп, олардың ел тарихындағы орны ерекше екені атап өтілді.
Кешке мектеп ұжымы, ұстаздар және қонақтар қатысып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында батырлар рухына тағзым жасалып, олардың ерлігі ұрпаққа мәңгілік өнеге екені айтылды.
Қорытындысында мерекелік кеш оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталды.
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/zh-lykt-r-zh-lykt-r-sh-l-intern-t-b-n-s/11878-erlik-elge-m-ra-rpa-a-ran.html#sigFreeIdf91f18f1d9

