Қыркүйек айында мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға саяхат» атты шара өтті. Шараға мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 - сынып оқушылары мұғалімі Б.Тыныштықбаева қатысты. Шараның мақсаты: оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапхана жайлы түсндірме жұмыс және оқушылардың бойында кітапқа деген қызығушылық сезімін оятукітапханамен таныстыру. Кітапханашы оқушыларға кітаптар жайлы, кітапхана жұмысы жайлы түсіндіріп өтті. Бос уақыттарын пайдалы өткізуге, кітап оқуға шақырды. Түрлі кітаптарды көріп оқушылар қызығып қолдарына алып қарай бастады. Халық ертегілерінен «Кім күшті ?» ертегісін оқып беріп, оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар өз түсінгендерін жарыса айтып мұғалімдеріне көрсете бастады. Кітапханашы кітапты оқулықтарды ұқыпты ұстауға, жыртпай, сызбай күтіп ұстау керек екенін баса айтты. «Кітап - біздің досымыз», біз одан білім аламыз, білмегенімізді үйренеміз. Кітаппен дос болсақ, көп нәрсеге қолымыз жетеді, білімді, зерек боламыз, - деп аяқтады сөзін кітапханашы Ж.Шулгаубаева мен бастауыш сынып мұғалімі Б.Тыныштықбаева.
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/me-tep-it-pkh-n-cy/9837-kitapkhana-a-sayakhat.html#sigFreeIde6cb93802c