20 қыркүйек күні бастауыш жоғары сынып оқушыларымен «Мен сүйіп оқитын кітаптар» тақырыбында әңгіме өтті. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау, сөздік қорын байыту, сөз мәдениетіне үйрету. Көрнекілігі: «Мен сүйіп оқитын кітаптар» тақырыбын ілу, кітап көрмесін ұйымдастыру, көрмеге оқушылардың оқыған кітаптарын қою. Шара мектеп кітапханасында пандемияға қарсы қорғану талаптары сақталып, оқушылар бетпердемен қатысты. 4 сынып оқушылары өздерінің оқыған кітаптары жайлы өте қызықты, тартымды етіп әңгімелеп берді. Ондағы кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз образдарын аша отырып, кітаптың өздеріне ұнағаны жайлы қызықты қылып айтып берді.
View the embedded image gallery online at:
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/me-tep-it-pkh-n-cy/9828-men-s-jip-o-ityn-kitaptar.html#sigFreeId26be998b1c
https://bakanas-internat.balqash.edugov.kz/me-tep-it-pkh-n-cy/9828-men-s-jip-o-ityn-kitaptar.html#sigFreeId26be998b1c